«Реал» футбол клубының шабуылшысы Карим Бензема қамауға алынды

Матье Вальбуэнаны бопсалау ісі бойынша қамауға алды, деп хабарлады gazeta.ru.

«Лион» мен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Матье Вальбуэнаға қатысты жүргізіліп жатқан бопсалау ісіне байланысты Карим Бензема тергеуге тартылды», делінген ақпаратта.


Полицияның мәліметінше, Матье Вальбуэнаны белгісіз қаскөйлер видео материал көрсетіп, бопсалаған.

Осыған дейін іске "Ливерпульдің" бұрынғы шабуылшысы Джибриль Сиссенің қатысы бар екені де айтылған болатын.