Ресей футболдан ТМД чемпионатын өткізуге қарсы - kaz.caravan.kz
  • $ 531.96
  • 622.45
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей футболдан ТМД чемпионатын өткізуге қарсы

Ресей футболдан ТМД чемпионатын өткізуге қарсы

РФ Спорт министрі Виталий Мутко ТМД бойынша футбол чемпионаты бізге ештеңе бермейді деп мәлімдеді.

  • 25 Желтоқсан 2012
  • 238
Фото - Caravan.kz

«Біздің елдеріміз арасындағы ықпалдастық тұрғысынан қарасақ бұл жақсы бастама. Ал, спорт тұрғысынан қарайтын болсақ, оның артықшылығы жоқ. Тұжырымдамасын берсін, содан соң талқылаймыз. Мен өз елімді, өз спортымызды дамытуды қолдайтын адаммын», — деді В.Мутко.

«Бізде жүзге жуық кәсіпқой клуб бар. Біз Ресей чемионатына деген қызығушылықты арттырумыз керек.
Ал, басқасы бұл мүддемізге залалын тигізеді», — деп атап өтті министр.
Футболдан ТМД чемпионатын өткізу мәселесін «Газпром» басшысы Алексей Миллер көтерген болатын.
13-желтоқсанда турнир өткізу мүмкіндіктерін зерттейтін бастамашыл топ құрылатынын жарияланған болатын. Ал, 21-інде А.Миллер чемпионатты «жуық арада», 2012 жылдың соңында өткізуге болатынын мәлімдеді.