Жарияланды: 990

Ресей командасына ауысып кеткен қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды

Ресей командасына ауысып кеткен қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды

Жақында Ресейге ауысқан шахматшы Бибісара Асаубаева кеше 12 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы атанды.

Грузияның Батуми қаласында өткен балалар арасындағы әлем чемпионатында Бибісара 12 жасқа дейінгі шахматшылар арасында топ жарды, деп жазады baq.kz.

Тараз қаласының тумасы турнир бойы өз тобында көш бастап, кезекті алтын медалін жеңіп алды.

Бибісара Асаубаева тамыз айының соңында Ресейге ауысып кеткен еді.

Айта кетейік, Бибісара 2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген. Танымал интелектуалдық ойынға 4 жасында атасы баулыған екен. Ол еліміздегі талантты шахматшылардың бірі болды. Жастығына қарамастан оқушылар арасында үш мәрте әлем чемпионатын ұтқан. Бір рет 8 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында әлем біріншілігінде топ жарған. 7 жасында әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері атағын алған. Бибісара шахматтан бөлек, көркем гимнастикамен де айналысады. Спорттың бұл түрінен Астана қаласының екі дүркін чемпионы атанған. Болашақта көркем гимнастикадан Олимпиада чемпионы болуды және шахматтан әйелдер арасында әлем чемпионы атануды көздейтінін талай рет сұхбаттарында айтқан еді.

Шахматшы қыздың анасы Лиана Таңжарықова бұған дейінгі берген сұхбаттарында Федерация тарапынан қолдаудың аздығына қынжылыс білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть