Ресейлік боксшы Лебедев WBA чемпионы атағын қорғап қалды
![]() |
Ресейлік боксшы Денис Лебедев Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) |
нұсқасы бойынша алғашқы ауыр салмақта әлем чемпионы атағын абыроймен қорғап қала алды, деп жазды Ресей Жаңалықтар агенттігі.
18 желтоқсан күні Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" аренасында 32 жастағы Лебедев шаршы алаңда 27 жастағы Колумбия өкілі Сантандеро Сильгадомен кездесті. Ресейлік спортшы басымдықты бірден өз қолына алды. Спортшылардың санаттар бойынша айырмашылығы көрініп-ақ тұрды, бұл соңында көрермендердің пайымын растады. Төртінші раундта өзара соққылардан кейін колумбиялық боксшы «ашылып», Лебедев оның жағына нақты соққы жасай алды. Нәтижесінде Лебедевтің қарсыласы ойынның аяқталуына 44 секунд қалғанда рингке құлады.
24 жекпе-жегін (оның 18-і нокаутпен) жеңіліссіз өткізген Сильгадо үшін бұл алғашқы ұтылыс болды. Ал бұл Лебедевтің кәсіби рингтегі 26 кездесуінің 25-інші жеңісі (19-ы нокаутпен) болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін