Жарияланды: 320

Рингте есінен айырылып, елеспен жұдырықтасқан боксшы көз жұмды (ВИДЕО)

Рингте есінен айырылып, елеспен жұдырықтасқан боксшы көз жұмды (ВИДЕО)

Рингте көлеңкемен жұдырықтасқан африкалық боксшы Симисо Бутелези бас сүйек-ми жарақатынан қайтыс болды. 

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы turkystan.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Оңтүстікафрикалық боксшы Симисо Бутелези 7 маусымда 24 жасында көз жұмды. Өлімге бас сүйек-ми жарақаты себеп болды. Спортшы комаға түсті, дәрігерлер ота жасай алмаған.

Бутелези 5 маусымда Дүниежүзілік бокс федерациясының (WBF) Африка чемпионы белбеуі үшін өткен жекпе-жектен кейін ауруханаға жатқызылған.

Оныншы раундта ол отандасы Сифесихле Мнтунгваны нокдаунға жіберді. Ол орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастыруға дайын екенін білдірді. Алайда Бутелези қарсыласына қарама-қарсы бағытқа бұрылып, ауаға соққы жасап, көлеңкемен жұдырықтаса бастады. Төреші дереу жекпе-жекті тоқтатты

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін