Рио-2016: Ауыр атлет Денис Уланов жүлдеден тыс қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 532.74
  • 617.23
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рио-2016: Ауыр атлет Денис Уланов жүлдеден тыс қалды

Рио-2016: Ауыр атлет Денис Уланов жүлдеден тыс қалды

Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов 85 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, қос жаттығудың қорытындысы бойынша медальдан тыс қалды.

  • 13 Тамыз 2016
  • 724
Фото - Caravan.kz


Қос жаттығудың қорытындысы бойынша алтын жүлдені сайыста әлем рекордын жаңартқан ирандық Киануш Ростами (396 келі) алса, күміс жүлде Олимпиада рекордын орнатқан қытайлық Тянь Таоға (395 келі) бұйырды. Қола жүлде ережеге сәйкес, Денистен салмағы жеңіл болғандықтан румыниялық Габриэль Синкраянның (390 келі) еншісінде кетті.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық спортшылар ауыр атлетикадан 1 күміс, 2 қола медаль алған болатын.

Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен 13-орында тұр.