Рио-2016: Қазақстан жалпы есепте 14-орынға сырғыды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Рио-2016: Қазақстан жалпы есепте 14-орынға сырғыды

Рио-2016: Қазақстан жалпы есепте 14-орынға сырғыды

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 12-орыннан 14-орынға сырғыды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

  • 13 Тамыз 2016
  • 675
Фото - Caravan.kz


АҚШ 17 алтын, 13 күміс, 16 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте бүгін де көш бастады.

Қазіргі есеп бойынша 63 мемлекет Рио Олимпиадасының медаліне қол жеткізіп үлгерді.

Екінші орында 13 алтын, 10 күміс, 14 қола медаль еншілеген Қытай құрамасы келеді. Ал үздік үштікте 7 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль жеңіп алған Ұлыбритания елінің спортшылары көтерілді.

Ал Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен бүгін жалпыкомандалық есепте 14-орынға сырғыды.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды. Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, Олимпиаданың бесінші күні екі ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов пен Дмитрий Баландин 200 метр қашықтыққа жүзуден екі алтынды жеңіп алды.

Ал осы күні әйелдер арасында сынға түскен ауыр атлет Жазира Жаппарқұл күміс жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар