Жарияланды: 740

«Рио-де-Жанейро-2016»: Қазақстан намысын қорғауға 100-ден астам спортшы аттанбақ

«Рио-де-Жанейро-2016»: Қазақстан намысын қорғауға 100-ден астам спортшы аттанбақ

"Рио-де-Жанейро-2016" Олимпиадасында Қазақстан намысын 100-ден астам спортшы қорғайды деп болжануда. 

Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлім етті. 

"Біздің жақын уақыттардағы ең басты мақсатымыз - 2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиада ойындары. 26 жолдама бар, жыл соңына дейін 35-40 жолдамаға дейін жеткіземіз деп ойлап отырмыз. Жалпы Рио-де-Жанейро-2016  Олимпиадасында 100-ден астам спортшы Қазақстан намысын қорғауға аттанады деп жоспарлаудамыз", - деді вице-министр. 

Еске сала кетейік, Жазғы Олимпиада ойындары 2016 жылы 5 және 21 тамыз аралығында болады. Ол Оңтүстік Америкада өткелі отырған алғашқы Олимпиада. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін