Роналдо Месси мен Роналдудың қайсысы мықты екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роналдо Месси мен Роналдудың қайсысы мықты екенін айтты

Роналдо Месси мен Роналдудың қайсысы мықты екенін айтты

[wpcode id="1694287"] Бразилия құрамасының аңызға айналған футболшысы Роналдо мадридтік "Реалдың" форварды Криштиану Роналду

  • 29 Мамыр 2017
  • 467
Фото - Caravan.kz


Бразилия құрамасының аңызға айналған футболшысы Роналдо мадридтік "Реалдың" форварды Криштиану Роналду мен "Барселонаның" аргентиналық ойыншысы Лионель Мессиді салыстырды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Роналдоның пікірінше, 2017 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын доп" жүлдесін португал ойыншысы алады. "Биыл мен жүлдені Роналдуға берер едім. Соңғы екі жылда ол шешуші ойыншы болды. Криштиану Чемпиондар лигасында "Реалдың" матчтарында өте маңызды ойыншы болды, ал алда әлі финал бар", — дейді бразилиялық.

Алайда ол Роналду мен Мессиді салыстыру қиын екенін және екеуінің де мықты тұстарып атап өтті. "Екеуі де — фантастикалық ойыншы. Мессидің допты игеру шеберлігі ұнайды — ол доп соға алады және қолынан келмейтіні жоқ. Алайда Роналдудың статистикасын да ұмытпауымыз керек. Екеуін салыстыру өте қиын. Екеуі де құрметке лайық", — деді Роналдо.

Айта кетейік, Роналду мен Месси 2008 жылдан бастап "Алтын доп" жүлдесін алып келеді. Португал әлемнің үздік футболшысы атағына 2008, 2013, 2014 және 2016 жылдары лайық болса, аргентиналық 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдары лайық болған еді.

 

Соңғы жаңалықтар