Роналду екінші жыл қатарынан ФИФА-ның үздік футболшысы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роналду екінші жыл қатарынан ФИФА-ның үздік футболшысы атанды

Роналду екінші жыл қатарынан ФИФА-ның үздік футболшысы атанды

алықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Лондонда жылдың үздік футболшыларын марапаттады, деп хабарлайды football.ua.

  • 24 Қазан 2017
  • 684
Фото - Caravan.kz

Ерлер арасында "The Best" сыйлығына Лионель Месси (Барселона) мен Неймарды (ПСЖ) басып озып,  Криштиану Роналду ие болды. Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" үздік сұрмергені екінші жыл қатарынан бұл атаққа қол жеткізіп отыр.

"France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол федерациясымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Содан кейін басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді.

Айта кетейік, Криштиану Роналду 2017 жылы "Реал" сапында Чемпиондар лигасы мен Испания чемпионатында топ жарды. Португалия ұлттық құрамасының әлем чемпионатына шығуына бірден-бір себепкер болды.


Одан бөлек, әйелдер арасында "The Best" сыйлығына Лике Мартенс ие болды. Ал Зиннедин Зидан жылдың үздік жаттықтырушысы атанды.

 

Соңғы жаңалықтар