Жарияланды: 380

Роналду Мессидің рекордын жаңартты

Роналду Мессидің рекордын жаңартты

Мадридтік «Реалдың» көшбасшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендер көшінде бірінші орынға шықты.

Донецкілік «Шахтерға» қарсы ойында хет-трик авторы атанып, Лионель Мессиді басып озды, деп хабарлады massaget.kz порталы. 

Криштиану Роналду украиналық клубтың қақпасына 3 гол соқты. Оның екеуін пенальтиден орындады. Нәтижесінде, Чемпиондар лигасында соққан голдарының санын 80-ге жеткізді. 

Ал, Лионель Месси португалдық футболшыдан 3 голға қалып отыр. Аргентиналық сұрмергеннің командасы ертең Римде «Ромамен» кездеседі.
Айта кетейік, Криштиану Роналду мен лионель Месси Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендер тізімінде кезегімен көш тізгінін иеленіп келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін