Роналду: «Мессимен бір клубта ойнасам «Алтын доп» менде көп болар еді» - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роналду: «Мессимен бір клубта ойнасам «Алтын доп» менде көп болар еді»

Роналду: «Мессимен бір клубта ойнасам «Алтын доп» менде көп болар еді»

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду «Барселонаның» шабуылшысы Лео Мессимен бір командада ойнауға қарсы емес екенін айтты.

  • 14 Желтоқсан 2016
  • 676
Фото - Caravan.kz

«Бұл өте ауыр сұрақ. Мен білмеймін. Екеуіміз бір командада ойнасақ қызық болар еді. Егерде, Мессимен бір клубта өнер көрсетсем, «Алтын доп» менде көп болар еді деп ойлаймын. Лионельдің ұлы футболшы екенін бәрі жақсы біледі. Келесі жылы оны қуып жетуге тырысамын. Бірақ қазіргі таңда, басты мақсатым — клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңу. Содан кейін, Испания чемпионатында жеңіске жеткім келеді. Чемпиондар лигасы мен Испания кубогын ұтып жатсақ, тіпті керемет болар еді», — деді Роналду ESPN арнасына.

Естеріңізге сала кетсек, Роналду кеше төртінші рет «Алтын доп» жүлдесін иеленді. Мессидің еншісінде бес «Алтын доп» бар.


Соңғы жаңалықтар