Роналду жеңіп алған "Алтын допты" әлемдегі ең бай адамдардың бірі сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роналду жеңіп алған "Алтын допты" әлемдегі ең бай адамдардың бірі сатып алды

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду "Алтын добының" көшірмесін қайырымдылық акциясы аясында өткен бәссаудада сатты. Бұл туралы испаниялық AS басылымы хабарлайды.

Басылымның мәліметі бойынша, Роналды 2013 жылы жеңіп алған "Алтын добының" көшірмесін 300 мың еуроға сатқан. Оның Израильдегі және әлемдегі ең бай адамдардың бірі Идан Офер сатып алған.

Бұл саудадан түскен қаржының барлығын да португалиялық шабуылшы ауыр дертке шалдыққан балаларға көмектесетін Make-A-Wish қорына аударады.

Еске салайық, 32 жастакы шабуылшы "Алтын допты" үш рет жеңіп алған. Тарқатып айтсақ, ол 2008, 2013 және 2015 жылдары әлемнің үздік футболшысына берілетін сыйлықты иеленген.

  • 4 Қазан 2017
  • 654
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар