Жарияланды: 40

«Рыбакина мен Бублик жоқ»: Азия ойындарына қатысатын теннистен Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

«Рыбакина мен Бублик жоқ»: Азия ойындарына қатысатын теннистен Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

Ханчжоуда өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарына қатысатын теннистен Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Ел намысын қорғайтын спортшылар:

Ерлер: Дмитрий Попко, Бейбіт Жукаев, Григорий Ломакин және Денис Евсеев.

Әйелдер: Жібек Құламбаева, Гозаль Айнитдинова, Аружан Сағындықова және Жанель Рустемова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы сапында ел көшбасшылары Елена Рыбакина мен Александр Бублик жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін