“Сабыржан vs Фазлиддин”: Өзбекстандағы жаттығу жұмысының соңы төбелеске ұласқаны рас па - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Сабыржан vs Фазлиддин”: Өзбекстандағы жаттығу жұмысының соңы төбелеске ұласқаны рас па

“Сабыржан vs Фазлиддин”: Өзбекстандағы жаттығу жұмысының соңы төбелеске ұласқаны рас па

Ташкент қаласында Қазақстан және Өзбекстан боксшылары арасында бірлескен оқу жаттығу жиыны өтіп жатыр.

  • 21 Қараша
  • 183
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Аталмыш жаттығу жиынынының боксшылар үшін зор тәжірибе болары сөзсіз. Алайда желіде тараған видеода спарринг барысында қос ел боксшыларының арасында жаттығу жұмысысының соңы төбелеске ұласқанын байқауға болады. Видеодан 75 келідегі қазақстандық боксшы, әлем кубогінің жеңімпазы Сабыржан Аққалықов пен әлем чемпионы, өзбекстандық боксшы Фазлиддин Еркинбоевтың спаррингі төбелеске ұласып кеткенін көруге болады. Тіпті бапкерлер қайта-қайта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған.

Жаттығудан кейін Өзбекстан құрамасының бас бапкері шәкіртіне қатаң ескерту берген.

”Балаларды қатаң жазалаймын. Мені білесіңдер, қарап отырмаймын. Қазақстандық боксшымен өз жаттықтырушылары сөйлеседі. Бұларды тыныш қоя салады деп ойламаңдар. Ағайлары тыныш қоймайды. Жекпе-жек уақытында тартысасың. Бірақ уақыт аяқталғанда қол алысып кету керек. Бір-біріңе жамандық тілеп кеткенге қарағанда құшақтасып кеткен абзал, құрмет көрсетіңдер”, — деді Толқын Қылышев.

Сондай-ақ, ол Сабыржан Аққалықов пен Фазлиддин Еркинбоевты қол алыстырып, эмоцияға бой бермеуге шақырды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера