Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегі алдында ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранын шатастырып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегі алдында ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранын шатастырып алды

Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегі алдында ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранын шатастырып алды

 

  • 31 Қаңтар 2021
  • 60
Фото - Caravan.kz

Мексиканың Куэрнавака қаласында өткен Садриддин Ахмедов пен Стивен Даньоның кездесуі алдында ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранын шатастырып алды, — деп хабарлайды Caravay.kz порталы Vesti.kz тілшісі.

Жекпе-жек алдында ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранының орнына Канаданың гимнін қосып жіберді.

Жекпе-жектен кейін Ахмедов ұйымдастырушыларға наразылығын білдірді.

"Иә, мұндай жағымсыз жағдай болды. Ұйымдастырушылар мен Канадада жаттығатыныма қарап, осы елдің әнұранын қойып жіберді. Әрине, бұл ұйымдастырушылардың үлкен қателігі. Мен бұл мәселеге байланысты өз наразылығымды білдірдім. Дегенмен менің жеңісімнен кейін көптеген мексикалық Қазақстан туралы көбірек білді. Жеңіске жеттім. Үш белбеу жеңіп, туымды көтердім", — деді Ахмедов Vesti.kz порталына берген сұхбатында.

Еске салайық, бүгін Садриддин Ахмедов WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдарын иеленді. Кездесу он раундқа созылды. Ахмедов төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Жеңіліссіз келе жатқан қазақстандықтың бұл 12-ші жеңісі.

Соңғы жаңалықтар