Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасады

Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасады

Бүгін бокстан әлем чемпионаты басталады.

  • 25 Қазан 2021
  • 93
Фото - Caravan.kz

Сербия астанасы Белградта бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның қорытындысы бойынша қазақстандық Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасады. 1/16 финалдық кездесу 51 келі салмақта өтеді.

24 жастағы Бибосынов — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ал 28 жастағы Дусматов — 2016 жылғы Рио Ойындарының чемпионы. Сонымен қоса, ол кәсіпқойда үш жекпе-жек өткізіп, бәрін нокаутпен жеңген.


Соңғы жаңалықтар