Жарияланды: 70

"Сараң, оған таңданбадым". Сергей Ковалев Головкин мен бапкері жайлы

"Сараң, оған таңданбадым". Сергей Ковалев Головкин мен бапкері жайлы

Ресейлік чемпион өз пікірін айтты.

Жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) америкалық бапкер Абель Санчеспен жұмысын тоқтатуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин сәуірдің аяғында бапкерімен жұмысын тоқтатқанын хабарлаған еді. Ал Санчес қазақстандық боксшыны "сараң және жақсылықты білмейді" деп айыптаған болатын. Оның айтуынша, Головкин оның жалақысын азайтқысы келген.

"Геннадий, бәрін дұрыс істеді. Ал Абельдің сараңдығы мен пікірі таңғалдырамады. Бірақ ол бір нәрсені ұмытты: егер Гена болмағанда, оны бокс әлемінде ешкім танымас еді және қазір өзін ауқатты адам сезінетіндей қаражат жинай алмаған болар еді", - дейді Ковалев.

Ресейлік боксшы да Санчеспен жұмыс істеген болатын, алайда олардың өзара қатынасы ұзаққа созыламады. Ковалев бапкердің жұмысына көңілі толмай, Абельді "бокста тәжірибесі жоқ дилетант" деп атаған болатын.

Санчестің жаттықтыруымен Головкин 22 жекпе-жек өткізіп, оның 20-ын жеңіспен аяқтаған. 19-ы - нокаутпен. Бір рет жеңіліп қалды және тағы бір тең түскен. Соңғы жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварестен жеңілген еді.

Мамырдың басында Головкин жаңа бапкерін таныстырған. Енді ол америкалық Джонатан Бэнкспен жұмыс істейді.

GGG-дің келесі жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО). Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін