Жарияланды: 30

Сарапшы Қазақстан – Беларусь матчына болжам жасады

Сарапшы Қазақстан – Беларусь матчына болжам жасады

 

Белгілі футбол сарапшысы Светоч УЕФА Ұлттар лигасының 5-туры аясында өтетін Қазақстан – Беларусь матчына болжам жасады, деп жазады Prosports.kz сайты Legalbet.kz-ге сілтеме жасап.

«Ұлттар лигасының осы турында Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдайды! Қазақстан құрамасының өз алаңында өтетін матчтарына жанкүйер екенімді бірнеше рет айтқанмын, олар өз алаңында өте қызықты ойын өткізеді, сондықтан мұндай матчтарды жібермей көруге тырысамын, Беларуське қарсы матч та тартысты болары сөзсіз.

Қазақстан құрамасының топтағы орны жақсы. Бірінші орынға жайғасқан, сақтап қалуға тамаша мүмкіндік туып тұр. Қазақстан бұған дейінгі күш-жігерінен таймады деген ойдамын, матч қызықты болады және гол соғылатыны сөзсіз», – дейді сарапшы әрі ойында екі немесе одан да көп гол соғады деп есептейді.

Қазақстан – Беларусь матч бүгін елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін