Седов допинг қабылдамағанын дәлелдеуге ақшасы жетпейтінін айтып ақталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Седов допинг қабылдамағанын дәлелдеуге ақшасы жетпейтінін айтып ақталды

Седов допинг қабылдамағанын дәлелдеуге ақшасы жетпейтінін айтып ақталды

 

  • 14 Шiлде 2016
  • 419
Фото - Caravan.kz

 

Қазақстандық ауыратлет Владимир Седов КТК телеарнасына берген сұхбатында сынамасынан тыйым салынған заттардың табылуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осыған дейін тыйым салынған заттардың Бейжіңдегі 2008 жылғы Олимпиаданың допинг-сынамасынан табылғаны белгілі болған еді. Халықаралық Олимпиада комитеті Дүниежүзілік антидопинг агенттігімен бірігіп ұйымдастырған қайта тексеріс барысында Седовтың "А" сынамасында станозолол табылған. Келесі аптада "Б" сынамасы ашылады. 

Телеарнаның мәліметінше, спортшы бұл мәліметті үзілді-кесілді теріске шығарып отыр. Ол ешқашан допинг қабылдамағанын және жеңілсе де, жеңсе де адал болғанын мәлімдеді. Алайда Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің шешіміне мемлекеттің көмегінсіз шағым түсірмейді екен. Оған ақшасы жоқ көрінеді.

"Менің қаражатыммен шешімге шағым түсіруге немесе тағы бір әрекеттер жасауға мүмкіндік бермейді деп ойлаймын. Егер мемлекет көмектессе, әрине, адал екенімді дәлелдеймін. Мен ешқашан допинг қолданған жоқпын, Енді "B" сынамасын ашу керек. Ал егер онда да тыйым салынған заттар бар болып шықса, дисквалификация болады", — деп келтіреді телеарна тілшілері Седовтың сөзін. 


Айта кетейік, 28 жастағы Седовтың спорт мансабында допингпен ұсталған жағдай осыған дейін де болған. 2006 жылы ол 2008 жылдыуң мамырына дейін жарыстардан шеттетілген еді. Ал Бейжіңдегі Олимпиадада Седов төртінші орын алған болатын.
 

Соңғы жаңалықтар