Сейдахмет "Уфамен" қоштасты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сейдахмет "Уфамен" қоштасты

Сейдахмет "Уфамен" қоштасты

"Қазақ Мессиінің" енді қай клубқа баратыны әлі нақты белгісіз.

  • 28 Ақпан 2019
  • 45
Фото - Caravan.kz

Еркебұлан Сейдахметтің Инстаграмдағы қоштасуына байланысты "Уфа" Бас директоры Шамиль Газизов "СЭ" басылымына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Еркебулан Сейдахмет⚽️ (@seidakhmet_e) on

Журналистер "қазақтың Мессиі" деп атап кеткен 19 жастағы футболшы "Уфаға" 2018 жылдың ақпанында "Тараздан" келген. 2018/19 футбол маусымында Сейдахмет "Уфаның" негізгі командасында екі ойын өткізді: бір матчты Ресей чемпионатында, екіншісін — Ресей Кубогында ойнап, нәтижелі әрекетімен көзге түспеді.
 

— Сейдахметтің "Уфадан" кетуі әбден мүмкін, — деді Газизов. — Ол туралы ертең хабарлауға тырысамыз. Бәрі ойдағыдай аяқталса, ол басқа клубқа ауысады.

— Бұл толыққанды трансфер бола ма?

— Жоқ. Аренда болады деп ойлаймын.

— Қазақстанға бара ма?

— Неге тек Қазақстан? Сейдахметке басқа елдердің клубтары да қызығып отыр.

Соңғы жаңалықтар