Семсерлесуден Азия кубогының алғашқы күнінде Қазақстан үш медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.75
  • 586.77
0 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семсерлесуден Азия кубогының алғашқы күнінде Қазақстан үш медаль жеңіп алды

Семсерлесуден Азия кубогының алғашқы күнінде Қазақстан үш медаль жеңіп алды

Өзбекстан астанасы Ташкентте кадеттер арасында семсерлесуден Азия кубогы басталды.

  • 10 Қыркүйек 2025
  • 54
Фото: Olympic.kz

Кадеттер арасында өтіп жатқан Азия кубогының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, .үш медальдың барлығы — қола жүлде.

Қыздар арасында қылышпен айқасудан Наиля Исхакова үздік үштікке енді. Ал Евгений Токанов пен Мансұр Естеу рапирамен семсерлесуде үшінші орын алды.