"Сен үшін дұға етемін, бауырым": Сауль Альварес комада жатқан Айдос Ербосынұлына қолдау көрсетті
![]() |
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы титулы үшін айқаста кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комаға түскен болатын. |
Комада жатқанын білген әлемге әйгілі кәсіби боксшы Сауль Альварес қазақстандық боксшы үшін дұғада екенін айтып, оған қолдау көрсетті - деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
"Мен сен үшін дұға етемін, бауырым", - деп жазды Сауль Альварес Instagram желісіндегі Stories-де.
Естеріңізге сала кетейік, кеше қазақстандық боксшы Айдос Ермосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррель (7-0, 6 КО) арасында WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін