Серік Сәпиев пен Руслан Мырзатаев Азияның үздік боксшылары танылды
27 желтоқсан күні Азия бокс конфедерациясы ASBC-2012 жыл сайынғы сыйлығының жеңімпаздарын жариялады. |
Бұл туралы «Астана Спорт» спорттық басылымы жазды. Үздіктердің қатарында қазақстандық былғары қолғап шеберлері де бар, Серік Сәпиев пен Руслан Мырзатаевтың кандидатуралары үшін бірауыздан дауыс берілді.
2012 жылғы Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері Серік Сәпиев «Жыл боксшысы» болып танылды, ал «Astana Arlans» клубының спортшысы, Бүкіләлемдік бокс сериясының жекелеген әлем чемпионатының финалисі Руслан Мырзатаев Азиядағы «WSB-тің үздік боксшысы» атанды.
Ал Қазақстанның бокс федерациясы «Жылдың үздік Ұлттық федерациясы» деп танылды. Сондай-ақ «Astana Arlans» кәсіпқой боксшылар клубының тағы бір өкілі, Лондон Олимпиадасына қатысушысы ирандық легионер Эхсан Роузбахани «Жыл жаңалығы» аталымында жеңімпаз болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін