Шайбалы хоккейден «Қазақстан президенті кубогы» үшін халықаралық турнир тамыз айында Астанада өтеді
Шайбалы хоккейден «Қазақстан Президенті Кубогы» үшін халықаралық турнир 9-14 тамызда Астанада өтеді, деп хабарлады ҚХФ баспасөз қызметі. |
Бұл жарыстарда біздің еліміздің намысын астаналық «Барыс» пен өскемендік «Қазцинк-Торпедо» қорғайды. Сонымен қатар «Қазақстан» спорт сарайының мұз айдынына ҚХЛ ашық чемпионатында өнер көрсетіп жүрген «Югра» ХК (Ханты-Мансийск қаласы), «Амур» (Хабаровск қаласы), сондай-ақ Словенияның ұлттық құрамасы қатысады.
Президент Кубогы екінші рет сарапқа салынып отыр. 2010 жылы бірінші турнирдің жеңімпазы әрі құрметті жүлденің иегері буллит бойынша финалда Минскінің «Динамо» командасын 2:1 есебімен жеңген «Барыс» ХК болды.
Кубокты «Нұр Отан» ХДП мен Шайбалы хоккей қазақстандық федерациясы ұйымдастырып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін