«Шахтер» Конференция лигасы аясында өткен алғашқы матчта «Маккабиге» есе жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шахтер» Конференция лигасы аясында өткен алғашқы матчта «Маккабиге» есе жіберді

«Шахтер» Конференция лигасы аясында өткен алғашқы матчта «Маккабиге» есе жіберді

 

  • 20 Тамыз 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтанда өткен Конференция лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы ойынында Қарағандылық "Шахтер" Тель-Авивтің "Маккабиін" қабылдады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Кездесу "Астана Арена" стадионында өтіп 2:1 есебімен израильдіктердің пайдасына аяқталды.

Матч барысында ұзақ уақыт бойы таблода тең есеп тіркеліп тұрды. Екінші таймның ортасына қарай қосалқы құрамнан алаңға шыққан Идрис Умаев өз командасының алғашқы қауіпті сәтін ұтымды пайдаланып, "Шахтерді" 1:0 есебімен алға шығарды.

Алайда қонақтар бар болғаны 2 минуттың ішінде есеп айырмасын теңестіріп қана қоймай жеңіс голын да салып кетті. Алдымен Матан Хозез 75-ші минутта есепті 1:1 қылса, 77-ші минутта Эден Шамир екінші голдарын соқты.


Қарағандылықтар есеп айырмасын қанша теңестіргісі келгенімен "Маккабидің" қақпасынан саңылау таба алмады.

Бұл ойын командалардың алғашқы кездесуі екенін айта кетейік. Қарымта матч 26 тамыз күні Израильде өтеді.

Еске сала кетейік, ойынның жеңімпазы Конференция лигасының тобына жолдама алады.  

Соңғы жаңалықтар