Жарияланды: 480

«Шахтер» словениялық «Коперді» 2:1 есебімен жеңіп, Еуропа Лигасының келесі кезеңіне шықты

Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасының екінші ойынында словениялық «Коперді» 2:1 есебімен жеңіп, екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport.kz сайты.

Ойынның 32-ші минутында қонақтар жақтан жасалған белсенді шабуылдың нәтижесінде Остерц есеп ашты. Бірақ біздің «шахтерлар» да қарап қалған жоқ. Бірінші кезеңді 1:1 есебімен аяқтауға Ұлан Қонысбаев үлес қосты. Ойынның екінші кезеңінің соңына қарай, 82-ші минутта тағы бір гол соғып, есепті еселеген де осы Ұлан Қонысбаев болды. Енді қарағандылықтар «ИВБ» (Исландия) - «Сент-Патрикс» (Ирландия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін