Шәріпова чемпиондық кездесуін Қазақстанда өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шәріпова чемпиондық кездесуін Қазақстанда өткізеді

Шәріпова чемпиондық кездесуін Қазақстанда өткізеді

Қазақстанда кәсіпқой бокспен айналысып жүрген тұңғыш боксшы қыз Фируза Шәріпова WBC әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекті шілдеде Қазақстанда өткізеді.

  • 3 Сәуiр 2017
  • 402
Фото - Caravan.kz

24.kz порталының хабарлауынша, жекпе-жек Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Оның алғашқы қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген фин боксшысы – Ева Вальстрем.

«Фируза оған дейін екі жекпе-жек өткізеді: біреуі 7 сәуірде Мәскеудегі «Бокс академиясында», ал екіншісі – WBC International белбеуі үшін титулдық кездесу. Ал Ева Вальстрем 6 мамырда Финляндияда америкалық қарсыласымен кездеседі», — деді боксшының менеджері AllFight.Ru басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Фируза Шәріпова соңғы рет 4 наурыз күні Юлия Чернобородовамен жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар