«Шаршадым». Жалғас Жұмағұлов күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шаршадым». Жалғас Жұмағұлов күтпеген мәлімдеме жасады

«Шаршадым». Жалғас Жұмағұлов күтпеген мәлімдеме жасады

Қанша рет жекпе-жекке шықтым, төрешілер маған жеңіс бермейді.

  • 21 Қараша 2022
  • 53
Фото - Caravan.kz

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) карерасын аяқтайтынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz. — ке сілтеме жасап.

Бесінші рет жеңілгеннен кейін Жұмағұлов Instagram-парақшасында үндеу жасады.

"Жекпе-жекті бәрі көрді, не айтамын? Ештеңе айта алмаймын. Бұл менің соңғы жекпе-жегім болды. Енді төбелескім келмейді. Қанша рет жекпе-жекке шықтым, төрешілер маған жеңіс бермейді. Шаршадым — барыңды салып сонша еңбектенесің… Қазір эмоцияға салынып отырған жоқпын, барын айтып отырмын", — деді Жұмағұлов.

Еске салайық, аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) кезекті рет жеңілді. Отандасымыз Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 215 турнирінде төрешілердің бөле жарған шешімімен америкалық спортшы Чарльз Джонсонға жол берді.


Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Жалғас дәл соққылар көрсеткіші және шабуылда ширақ қимылдарымен көзге түскен. Бір тейкдаун да еншісінде бар еді. Алайда екі төреші америкалық спортшыны 29:28 есебімен жеңімпаз деп таныған. Бір төреші Жалғасқа басымдық берген. Нәтижесінде жеңіс қарсыласына бұйырды.

 

Соңғы жаңалықтар