«Шаршы алаңда қазақша құттықтады»: Қытай сапындағы қазақ екі дүркін Олимпиада чемпионы кубалық боксшыны жеңіп кетті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шаршы алаңда қазақша құттықтады»: Қытай сапындағы қазақ екі дүркін Олимпиада чемпионы кубалық боксшыны жеңіп кетті (ВИДЕО)

«Шаршы алаңда қазақша құттықтады»: Қытай сапындағы қазақ екі дүркін Олимпиада чемпионы кубалық боксшыны жеңіп кетті (ВИДЕО)

 Бокстан әлем чемпионатының 4/1 финалында Қытай сапындағы қандысымыз Тоқтарбек Таңатхан екі дүркін Олимпиада чемпионы кубалық әйгілі боксшыны жеңіп кетті

  • 11 Мамыр 2023
  • 917
Фото - Caravan.kz

Осылайша Олимпиаданың екі дүркін әрі әлем чемпионы Арлен Лукосты жеңген қытай қазағы Тоқтарбек Таңатхан жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл жекпе-жекті сенсациялық жеңіс деуге болады. Ташкент төрінде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында рефери Таңатханның қолын көтергенде қытай бапкерлерінің қуанышында шек болмады. Әсіресе  қытай жаттықтырушылардың бірінің «жарайсың, жігіт, алтыным» деп қазақша сөйлеп, Тоқтарбекті құшағына қысқаны көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Еске салсақ Қытай құрамасы атынан екі қазақ жігіті әлем чемпионатына қатысты. Солардың бірі Тоқтарбек Таңатхан жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлдені қанжығаға байлады. Жартылай финалдық сайыстар ертең өтеді. 

Еске салсақ жартылай финалға қазақстандық 5 боксшы өтті.