Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жеңісіне жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жеңісіне жетті

Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жеңісіне жетті

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

  • 26 Маусым 2022
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

27 жастағы Рахмонов Лас-Вегастағы UFC Vegas 57 турнирінде жартылай жеңіл салмақта промоушеннің 34 жастағы ардагері америкалық Нил Мэнгиді жеңді.

Бірінші раундта Рахмонов қарсыласына көбірек соққы жасады. Екінші раундта да қазақстандық шабуылын тоқтатпады, ал раунд аяқталуына үш секунд қалғанда қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.

Осылайша, Рахмонов UFC-дегі төрт жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Ал Мэнги UFC-де 27-рет октгонға шығып, сегізінші рет жеңіліп отыр.


 

Соңғы жаңалықтар