“Шерханның ерлігі, стадиондағы жанкүйерлердің жігерсіз қолдауы”: “Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасындағы матч қалай өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Шерханның ерлігі, стадиондағы жанкүйерлердің жігерсіз қолдауы”: “Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасындағы матч қалай өтті

“Шерханның ерлігі, стадиондағы жанкүйерлердің жігерсіз қолдауы”: “Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасындағы матч қалай өтті

Кеше, яғни 30 қыркүйек күні Алматыда көптен күткен тарихи матч өтті.

  • 1 Қазан
  • 13529
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

5:0 нәтиже емес, тәжірибе

УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 2 турда алматылық “Қайрат” Еуропаның ең ірі клубтарының бірі мадридтік “Реалға” қарсы алаңға шықты. Матч Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтіп, бас төреші қызметін Марко Гуида атқарды.

Кездесу 5:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. 26-шы минутта Килиан Мбаппе пенальтиден есеп ашты. 52-ші минутта ол дубль авторы атанып, 74-ші минутта хет-трикке қол жеткізді. 83-ші минутта Эдуарду Камавинга төртінші голды соқса, қосымша уақытта Браим Диас матчтың соңғы нүктесін қойды.

Қазақстан футболы үшін айтулы сәттердің бірі болған бұл матчты тамашалау үшін стадионға да, экран алдына да мыңдаған жанкүйер жиналды. Бұл ойын тек спорттық жарыс қана емес, қазақ футболы үшін үлкен сынақ әрі мереке болды.

Матчтағы есеп айырмасы үлкен болғанымен, футбол жанкүйерлері мен сарапшылар “Қайратты” сынап жатқан жоқ. Керісінше, бұл кездесуді команда үшін үлкен тәжірибе ретінде бағалады. Олар мадридтік алыпқа қарсы ойнауды жеңістен де маңызды мектеп деп бағалауда.

Қазақ футболының жаңа жұлдызы

Алматылық “Қайраттың” қақпашысы Шерхан Қалмырза “Реалға” қарсы өткен матчтан кейін әлеуметтік желілерде әп-сәтте танымал болды.

Жас қақпашы алматылық команданың негізгі құрамында алаңға шықты. Себебі екі негізгі қақпашы Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алған еді.

Қақпасына бес гол жіберіп алғанына қарамастан, қазақстандық жанкүйерлер 18 жастағы Шерханды мақтап, оған қолдау білдіруде. Ал оның әлеуметтік желідегі оқырмандарының саны 3 есеге, яғни 50 мыңнан 182 мыңға дейін (мақала жарияланған сәттегі көрсеткіш) артты.

Бүгінде жас қақпашының батылдығы мен бірнеше сәттегі тамаша сейвтері әлеуметтік желіде де, сарапшылар арасында да қызу талқыланып жатыр.

Стадиондағы қолдау


Желі қолданушылары мен футбол жанкүйерлерінің айтуынша, стадиондағы жалпы қолдау әлсіздеу болған. “Дауыс аз, жігерсіз ұрандар көпшілік күткен атмосфераны бере алмады” дейді олар. Футбол сарапшыларының сөзінше, билет бағасы тым қымбат болғаннан кейін матчты тамашалауға жанкүйерлер емес, қалтасы көтеретін туристтер көп келген.

“Қайрат — Реал Мадрид билет бағасын көріп стадионды туристер толтырады деп отырмын. Яғни Қайрат жанкүйерсіз ойнайды. Өздерінің таңдауы. Негізі таблоның айналасын тек жанкүйерлерге тиімді бағамен сатып, күшті перфоманс жасауға болар еді. Бірақ Қайрат ақшаны таңдады”, — деп жазды сценарист және футбол жанкүйері Нұрмахан Мұқанұлы.

Әлеуметтік желіде жанкүйерлер мен кейбір өнер адамдары да стадиондағы қолдаудың әлсіз болғанын айтуда.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера