Шетелдіктер Головкиннің өзіне деген сенімділігіне қайран қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдіктер Головкиннің өзіне деген сенімділігіне қайран қалды

Шетелдіктер Головкиннің өзіне деген сенімділігіне қайран қалды

Америкалық маман Головкиннің өз-өзіне тым сенімді екеніне таңғалды. Оның айтуынша, Головкин баспасөз туры кезінде мүлде қобалжыған жоқ екен.

  • 26 Маусым 2017
  • 558
Фото - Caravan.kz

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Бобби Ганнаның менеджері Джо Мак  орта салмақтағы WBA(Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін кездесуі алдындағы баспасөз жиындары кезінде өз-өзіне деген сенімділігіне қайран қалғанын атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Баспасөз туры кезінде Головкиннің босаңсып тұрғанын ешкім көрмеді. Салмақты тұрып, өз-өзін сенімді ұстауына қатты таңғалдым. Тіпті ол бұл кездесуді жеңіп қойған боксшы ретінде жүрді. Головкин "Канеломен" өтетін кездесу туралы уайымдайды ма? Менің ойымша, иә. Альварес те уайымдайды. Бірақ екі боксшының баспасөз кезіндегі әрекетіне қарайтын болсақ, Головкинге қарағанда "Канело" көбірек уайымдап жүрген сияқты. Сабырлық — GGG-дің жекпе-жек алдындағы басты артықшылықтарының бірі", — дейді Джо Мак. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде GGG орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды. Алайда, "Канело" алдағы кездесуде WBC белбеуіне таласпайтынын айтты. Өйткені, мексикалық боксшы бұл ұйымның басшыларымен сөзге келіп қалған.


Кездесуді АҚШ жерінде HBO арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. Головкин PPV жүйесі бойынша өзінің үшінші кездесуін өткізеді.

Соңғы жаңалықтар