Жарияланды: 570

Шинкиошункай каратэден халықаралық турнир басталды

Бүгін Астанада жасөспірімдер арасында шинкиокушинкай каратэден VII ашық халықаралық «Астана кубогы - 2011» турнирі басталды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Астана күніне орай ұйымдастырылып отырған аталмыш додаға Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Қазақстан спортшылары қатысуда. Карате-шинкиокушинкай Федерациясының вице-президенті Қайыртай Сармановтың айтуынша, турнирге 320 спортшы қатысып, бақ сынамақ. Спортшылардың сайысына 40 төреші баға беретін болады. «Бұл турнирді келесі жылы Жапонияда екі жылда бір рет өтетін жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирге дайындық ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, дода жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға тамаша мүмкіндік. Сондай-ақ, осы турнирден кейін спортшыларымыздың арасынан мықты дегендерді іріктеп алмақпыз», - деді Қайыртай Сарманов. Оның айтуынша, елімізде мұндай турнирлердің өтіп жатқаны шинкиокушинкайдың даму келешегінің үлкен екенін айғақтайды. Жеңімпаздар жас және салмақ категориялар бойынша анықталады. Екі күнге жалғасатын дода ертең мәресіне жетіп, жеңіспаздар марапатталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін