Жарияланды: 410

Шорт-тректен Қазақстан құрамасын кореялық бапкер жаттықтырады

Шорт-тректен Қазақстан құрамасын кореялық бапкер жаттықтырады

Шорт-тректен Қазақстан құрамасына жаңа бапкер келді. Енді біздің құраманы кореялық маман Чанг Гвон Оук жаттықтырады, деп хабарлайды «Аламан» агенттігі. Бұл бапкер әлемге Джимми Джен деген атпен де танымал. Осыған дейін Ресей құрамасын жаттықтырған. Кейін ол Ресейдің шорт-трек федерациясы басшылығымен келіспей жұмыстан кеткен еді. Ал біздің федерация Дженнің алдына Сочи олимпиадасына жолдама алу міндетін қойып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін