Шорт-тректен қысқы спартакиадада БҚО құрамасы жеңімпаз атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шорт-тректен қысқы спартакиадада БҚО құрамасы жеңімпаз атанды

Шорт-тректен қысқы спартакиадада БҚО құрамасы жеңімпаз атанды

Сегіз облыстан 100 спортшы қатысты

  • 27 Қараша 2017
  • 780
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласында шорт-тректен ҚР ІV қысқы спартакиадасы мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, шорт-тректен БҚО құрамасының аға бапкері Максим Лозовойдың айтуынша, төрт жылда бір рет өтетін айтулы додаға Астана, Алматы қалалары мен сегіз облыстан 100 спортшы қатысып, бақ сынады.

Командалық жарыс қорытындысында 1187 ұпаймен БҚО құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. 1183 ұпаймен қостанайлықтар екінші орынға ие болса, астаналықтар (1103) үздік үштікті түйіндеді.

Жекелей сында батысқазақстандықтардан 1500 метрден Әділ Ғалиахметов бірінші, Анита Нагай екінші, Әділ Қырымгереев үшінші орынға көтерілді. 500 метрден Ә.Ғалиахметов жеңімпаз атанса, А.Нагай мәреге екінші келді. 1 мың метрден Нұртілек Қажығали бірінші, Ә.Ғалиахметов пен А.Нагай екінші орынға ие болды. Эстафеталық сында құрамында Анита Нагай, Гүлнұр Ғаниева, Ғалия Жұмағазиева, Нұржанар Жұмағалиева және Ә.Ғалиахметов, Данабек Қайыров, Ә.Қырымгереев, Әлішер Шатықов бар батысқазақстандықтар қос күміс жүлдені еншіледі.

Еске сала кетейік, батысқазақстандық шорттрекшілер Нұрберген Жұмағазиев пен Абзал Әжіғалиев Қазақстан құрамасы сапында алдағы жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы олимпиада ойындарына қатысады. 



 

Соңғы жаңалықтар