Жарияланды: 510

Шығысқазақстандық Иван Тумашевский өрттен құтқару спортынан әлем чемпионы атанды

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің түлегі Иван Тумашевский өрттен құтқару спортынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды.

Департаменттен хабарлағандай, бұл өңірдің ғана емес, республиканың да өрттен құтқару спортының тарихындағы алғашқы жеңіс. Чемпионат Санкт-Петерборда өтті, оған әлемнің 12 елінен 200 адам қатысты. "Қазір Иван Тумашевский Шығыс Қазақстанның өртке қарсы қызметінің қатарын толықтыруға дайындалуда. Жас және келешегінен зор үміт күттіріп отырған спортшы тек облыстық қана емес, республикалық өрттен құтқару спорты командасына да лайықты мүше бола алады", - дейді департаменттегілер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін