Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел біріншілігі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел біріншілігі басталды

Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел біріншілігі басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Baq

  • 27 Ақпан 2017
  • 673
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Baq.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жеңіл атлетика» спорт кешенінде шымылдығын түрген ел біріншілігіне еліміздің Астана, Алматы қалалары мен облыстарынан 400 спортшы жиналды. Олар 24 салмақта өзара мықтыларды анықтайды.

Ел чемпионатының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, бабы келіскен балуандарға сәттілік тіледі.

«Жарысқа қатысып жатқан спортшыларымыздың арасынан алдағы уақытта Олимпиада ойындарының жеңімпаздары Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров ағаларымыз сияқты саңлақтардың шығатынына күмәнім жоқ. Ел чемпионатының Шымкентте өтуіне ықпал жасаған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне, Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының басшылығына шынайы алғысымды білдіремін» , — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Дүбірлі доданың құрметті қонағы 1980 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, грек-рим күресінен КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров балуандардан тартысты бәсеке күтетінін жеткізді.

«Ел чемпионатына кіл мықтылар жиналып отыр. Ендігі мәселе – тартысты да, тартымды өнер көрсету. Осы жарыс қорытындысына сай ел құрамасының мүшелері анықталады. Сондықтан бар күш-жігерлеріңізді салып, биік тұғырдан көрінуге тілектеспін» , — деді атақты балуан.


Чемпионатқа грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Досжан Картиков, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Нұрмахан Тыналиев, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Даниал Гаджиев сынды мықтылар да қатысып, бақ сынауда.

Ал, әйелдер күресінен Олимпиада ойындарының 3 дүркін жүлдегері Гюзель Манюрова, Олимпиада ойындарының жүлдегері Эльмира Сыздықова, Олимпиада ойындарының жүлдегері Екатерина Ларионовалар өнер көрсетеді.

Еркін күрестен Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, әлем чемпионатының жүлдегері Нұрлан Бекжанов пен Дәулет Ниязбековтер белдесетін болады.

Айта кетейік, 25 ақпанда бастау алған ел біріншілігі 1 наурызға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар