Шымкентте көркем гинастикадан өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көркем гинастикадан өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Шымкентте көркем гинастикадан өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Шымкентте еңбек сіңірген спорт шебері Әлия Юсупованың жүлдесі үшін көркем гимнастикадан екінші халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

  • 6 Маусым 2011
  • 511
Фото - Caravan.kz

Жарысқа 7 елден, атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Корея, Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстаннан барлығы 269 спортшы қатысты. Турнир 8 жас категориясы бойынша өтті. Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстанның спортшы қыздары турнир чемпиондары атанды.

Қыздар арасында әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері, Әзірбайжанның намысын қорғаған Әлия Гараева нағыз чемпион атанды. Ресейден келген Дария Лазарчук пен жерлесіміз, павлодарлық спортшы Элла Ястребова жасөспірімдер арасында чемпион атанды. Оңтүстік Қазақстан спортшы қыздарының арасында Сабина Әшірбаева ең тамаша көрсеткішке қол жеткізді. Ол 1998-1999 жылы туылған спортшылар арасында екінші орынға ие болды.

Әлия Юсупованың арнайы жүлдесімен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Марина Петракова марапатталды.

Соңғы жаңалықтар