Жарияланды: 440

Шымкентте Тәуелсіздік мерейтойына арналған спартакиада өтуде

Шымкентте оңтүстікқазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары арасында дәстүрлі спартакиада өтуде. Биылғы спартакиада ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр.

Жарыстар спорттың бес түрі бойынша өтуде. «Олар - волейбол, мини футбол, арқан тарту, үстел теннисі және армреслинг спорттары. Қатысушылардың жеңіске деген талпыныстары жоғары», дейді спартакиаданың бас төрешісі Рахымбек Ордабаев. Спартакиадаға өңірдегі жоғары оқу орындарының сегіз командасы қатысуда. Команда құрамына студенттер де, оқытушылар да кіріп отыр. Бір аптаға созылатын жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін