Жарыстар спорттың бес түрі бойынша өтуде. «Олар - волейбол, мини футбол, арқан тарту, үстел теннисі және армреслинг спорттары. Қатысушылардың жеңіске деген талпыныстары жоғары», дейді спартакиаданың бас төрешісі Рахымбек Ордабаев.
Спартакиадаға өңірдегі жоғары оқу орындарының сегіз командасы қатысуда. Команда құрамына студенттер де, оқытушылар да кіріп отыр. Бір аптаға созылатын жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.