Сочидегі Паралимпиада ойындарында қарағандылықтар 7 медальға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сочидегі Паралимпиада ойындарында қарағандылықтар 7 медальға ие болды

Сочидегі Паралимпиада ойындарында қарағандылықтар 7 медальға ие болды

Қарағандылық спортшылар Сочидегі  Дүниежүзілік Паралимпиада ойындарында 7 медальға ие болды,

  • 5 Қазан 2015
  • 1731
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

«Сочиде 26 қыркүйек пен 2 қазан аралығында  Арбаға таңылғандар мен мүгедектер спортының халықаралық федерациясының (IWAS) Дүниежүзілік ойындары өтті. Қазақстан құрамасының қатарында 6 қарағандылық болды. Олар 7 медальға: үш күміс және төрт қолаға ие болды», — делінген хабарламада.

Сергей Кинах жүзуден екі күміске ие болды. Тағы бір күміс медальға жеңіл атлет Руфат Хабибуллин қол жеткізді.

Жарыс спорттың 6 түрі — жеңіл атлетика, жүзу, садақ ату, үстел теннисі, таэквондо және армспорт бойынша өтті. 34 елден 800-ден астам спортшы қатысты. Жалпы есепте Қазақстан 5 алтын, 5 күміс және 16 қола медаль көрсеткішімен көш басындағы елдердің ондығына кірді.  

Бұл жарыстар — жеңіл атлетика мен жүзуден спортшыларды 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін  XV паралимпиада ойындарына дайындаудың бір кезеңі.  Сочидегі ойындардың нәтижесі Халықаралық Паралимпиада  комитеті мен тиісті халықаралық спорттық федерациялардың рейтингіне кіреді.  Ол спортшыларды әлем чемпионаттарына іріктеу мен  2016 жылғы Паралимпиада ойындарына қатысуға лицензияларға қол жеткізуге әсер етеді.


Соңғы жаңалықтар