Солтүстікқазақстандық пауэрлифтер Рустам Бақтияров шалқалай жатып зіл темір көтеруден Әлем кубогының абсолютті чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстікқазақстандық пауэрлифтер Рустам Бақтияров шалқалай жатып зіл темір көтеруден Әлем кубогының абсолютті чемпионы атанды

Солтүстікқазақстандық пауэрлифтер Рустам Бақтияров шалқалай жатып зіл темір көтеруден Әлем кубогының абсолютті чемпионы атанды

Солтүстікқазақстандық пауэрлифтер Рустам Бақтияров Краснодар қаласында өткен шалқалай жатып зіл темір көтеруден Әлем кубогында әлемдік біріншіліктің абсолютті чемпионы болды.

  • 30 Қазан 2012
  • 467
Фото - Caravan.kz

Облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, бұл жарыстарға әлемнің 14 елі: Ресей, Қазақстан, АҚШ, ГФР, Литва, Молдова, Үндістан, Пәкістан, Алжир және тағы басқа мемлекеттерден 600 спортшы қатысты.

Рустам шыққан 67 келіге дейінгі салмақта «жабдықтаусыз» санатында 18 спортшы бақ сынады. Жерлесіміз 153,5 келіні көтеріп, бірінші орынға ие болды. Бұдан басқа ол Әлем кубогының абсолютті чемпионы атанды.

Абсолютті чемпион ретінде оған 6 мың көрерменді сыйдыратын жарыстың басты спорттық аренасы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ұстап айналу құқығы берілді.

Соңғы жаңалықтар