Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының намысын төрт гимнаст қорғайды.
Құрама сапына Милад Карими, Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов және Ілияс Әзізов енді.
Айта кетейік, Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңі 9-12 сәуір аралығында өтеді.
Ал бұған дейін Мысырдың Каир қаласында өткен кезеңде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдеге ие болса, Нариман Курбанов үшінші орынға тұрақтады. Ал Асан Салимов қол тіреп секіруден екінші орын алды.