Жарияланды: 700

СҚО-да ұлттық спорт түрлерінен облыстық спартакиада болып өтті

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Бішкөл аудан орталығындағы ипподромда 13 маусым күні ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып ұлттық спорт түрлерінен облыстық спартакиада болып өтті.

Жарыстар спорттың сегіз түрінен өткізілді. Спорттық мерекенің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде облыс әкімі Серік Біләлов атап өткендей: «Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізу бізге ерте заманнан келген. Олар қазақ халқының ең сүйікті спорт түрлерінің қатарында болған. Бүгін бұл спорт түрлерін өзінің қонақжайлығымен Қызылжар ауданы қабылдап отыр. Осы жерде облыстың аудандарынан жиналған мықты деген спортшылар қазақша күрес, тоғыз құмалақ, ат спорты түрлерінен бақтарын сынайтын болады». Аймақ басшысы жарыстарға қатысушыларға мықты денсаулық, бірлік, спортшыларға табысты өнер көрсетуге, ал көрермендерге - жақсы демалыс тіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін