Су спорты: Азия чемпионатының 2-күні Ұлттық құрама 8 алтын медаль жеңіп алды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 447.89
  • 476.78
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су спорты: Азия чемпионатының 2-күні Ұлттық құрама 8 алтын медаль жеңіп алды

Су спорты: Азия чемпионатының 2-күні Ұлттық құрама 8 алтын медаль жеңіп алды

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен әр жастағы XI Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 10 медальмен (оның ішінде 8-і алтын) толықты.

  • 28 Ақпан
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жүлдегерлер:

Жүзу, А тобы:

Әділбек Мусин, 100 м баттерфляй — алтын
Аделаида Пчелинцева , 50 м брасс — алтын
Софья Сподаренко, 100 м баттерфляй — алтын
Диана Тасжанова, 1500 м еркін әдіс — күміс

Жүзу, В тобы:

Арсен Қожахметов, 50 м брасс — алтын
София Абубакирова, 50 м еркін әдіс — алтын
Максим Сказобцов, 100 м баттерфляй — алтын
Ерлер құрамасы (Егор Попов, Арсен Қожахметов, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов), эстафета 4х100 аралас әдіс — алтын
Даниил Черепанов, 50 м еркін әдіс — күміс

Суға секіру, А тобы:

Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина, тұғырдан қатар секіру — алтын

Сары құрлық додасының 2 күнінен кейін Қазақстан еншісінде 21 медаль бар ( 11 алтын, 6 күміс пен 4 қола).

Соңғы жаңалықтар