Сыр спортшылары «Жас Барыс» республикалық турнирінде 10 медаль еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыр спортшылары «Жас Барыс» республикалық турнирінде 10 медаль еншіледі

Сыр спортшылары «Жас Барыс» республикалық турнирінде 10 медаль еншіледі

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында қазақ күресінен жастар мен жасөспірімдер арасында өткен

  • 10 Қараша 2015
  • 632
Фото - Caravan.kz


«Жас Барыс» республикалық турнирінде сырбойылықтар 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші орында — Оңтүстік Қазақстан облысы, екінші орында — Жамбыл облысы.  Жекелей сында жастар арасында сынға түскен 55 келі салмақта шиеліліктер Бекжан Төлепов пен 60 келіде Райымбек Рантаев турнир жеңімпазы атанды. 
Жасөспірімдер арасында 46 келіде Бақыт Сейілхан (№5 ОРМБЖМ) бірінші орынды иеленді. Ал 51 келіде Бақдәулет Имамзада (№1ОРМБЖМ), 60 келіде қазалылық Абылай Жұбаназар күміс жүлдені еншіледі. 
 Жасөспірімдер арасында 64 келіде сынға түскен қармақшылық Жасұлан Бердібеков пен жастар арасында 66 келіде Рахманберді Әбдірашит (№1ОРМБЖМ) үшінші орынға ие болды. 
 Жасөспірімдер арасында 38 келіде түгіскендік Ермахан Қамар,46 келіде Нұрсұлтан Досмұрат (№1ОРМБЖМ) пен 66 келіде шиелілік Өмірзақ Рахметов қола жүлдеге қол жеткізді.
null

Соңғы жаңалықтар