Сыр спортшылары «Жас Барыс» республикалық турнирінде 10 медаль еншіледі


«Жас Барыс» республикалық турнирінде сырбойылықтар 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші орында - Оңтүстік Қазақстан облысы, екінші орында - Жамбыл облысы.  Жекелей сында жастар арасында сынға түскен 55 келі салмақта шиеліліктер Бекжан Төлепов пен 60 келіде Райымбек Рантаев турнир жеңімпазы атанды. 
Жасөспірімдер арасында 46 келіде Бақыт Сейілхан (№5 ОРМБЖМ) бірінші орынды иеленді. Ал 51 келіде Бақдәулет Имамзада (№1ОРМБЖМ), 60 келіде қазалылық Абылай Жұбаназар күміс жүлдені еншіледі. 
 Жасөспірімдер арасында 64 келіде сынға түскен қармақшылық Жасұлан Бердібеков пен жастар арасында 66 келіде Рахманберді Әбдірашит (№1ОРМБЖМ) үшінші орынға ие болды. 
 Жасөспірімдер арасында 38 келіде түгіскендік Ермахан Қамар,46 келіде Нұрсұлтан Досмұрат (№1ОРМБЖМ) пен 66 келіде шиелілік Өмірзақ Рахметов қола жүлдеге қол жеткізді.