Таэквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таэквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Таэквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде 6-7 қаңтар күндері таэквондодан 14-17 жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

  • 1 Қаңтар 2013
  • 371
Фото - Caravan.kz


Онда сондай-ақ «Құрметті Президент Ю. Нам Кубогы» да сарапқа салынбақ. Бұл байрақты бәсеке спорттың 5 түрлі бағдарламасы бойынша өткелі отыр. Онда спортшылар тул мен спарринг бойынша жекелей, тул бойынша командалық жарыстан және өзін-өзі қорғаудан өзара сайысқа түспек. Спаррингте бозбалалар мен божеткендер 2004-2005, 2002-2003, 2000-2001 жылғылар — 6, 1998-1999, 1996-1997 және 1995 жылдан жоғарғылар — 7 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Түсті белдеуі бойынша 2005 жылдан жоғарғылар бір топқа, ал қара белбеуден І дан иегерлері үш топқа, ІІ дан иегерлері екі топқа, ІІІ дан иегерлері екі топқа, IV дан иегерлері бір топқа бөлінеді. Әрқайсысына ҚР ITF Таэквон-до федерациясының облыстық филиалдары 3 спортшыға дейін қоса алады.