Тағы бір қазақстандық жартылай финалда - Қазақ күресі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағы бір қазақстандық жартылай финалда - Қазақ күресі

Тағы бір қазақстандық жартылай финалда - Қазақ күресі

Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында 74 сынға түскен балуанымыз Ғалымжан Әбдірахманов тәжік спортшысын ұтып, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 29 Қазан 2017
  • 557
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі жарыс бойынша Ғалымжан Әбдірахманов жартылай финалға шыққан екінші балуан. Осыған дейін 66 келіде Қасымхан Төленбай ширек финалда грузиялық балуанды ұтып, жартылай финалға жолдама алған еді.

Естеріңізге сала кетейік, әлем біріншілігінде 40 мемлекеттен келген 166 спортшы бақ сынап жатыр. Олар 9 салмақ дәрежесінде 40 медаль мен 40 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салады. Бүгін қазақ балуандары арасында ел намысын 60 келіде Қуаныш Ысқақов, 66 келіде Қасымхан Төленбай, 74 келіде Ғалымжан Әбдірахманов және абсалютты салмақта Айбат Сейтен (түйе балуан) қорғайды.



 

Соңғы жаңалықтар